Алынған жер: http://vk.com/by.pasha
Орысша акцентпен сөйлегенiне жерге кiрердей ұялып, ана тiлiн бiлмегенiне еш қымсынбастан, ар көрмей заманын кiнәлай салатын салғырттықтың аты не? Құлдық сана. Әрi-берiден соң, ана тiлiн бiле тұра әдемi сөйлеген орысшасын мақтан тұтқан кембағал кейiп, оңбаған сана қайдан?! Кешегi құлдықтан. Ендi осы сорлы ахуал санаңда салтанат құрып тұрғанда шын мемлекетшiлдiк қалыптаса ма? Әй, қайдам! Сөз жоқ, тiл – ұлттың басты сипаты. Азаматтарымыздың ұлттық сипатқа деген құлшынысы – ұлттық қуатымыздың өлшемi болмақ. Ол дегенiмiз – дүкенде, әуежайда, көшеде, шаңырағында, жанармай бекетiнде керегiңдi әуелi мемлекеттiк тiлде талап ету. Тiлдi бiлмегенге сауатты, мәдениеттi түрде мемлекеттiк символға деген құрметтi өркениеттiлiктiң белгiсi екендiгiн ескертiп барып, орысша, ағылшынша сұрай жатарсыз. Тiл – қоғамда қажеттiлiк туған жағдайда ғана құлаш жаятын нәрсе. Қажеттiлiктi тұтынушы тудырады. Егер сен, мен, ол, жүз адам, мың, сосын миллиондар, ең құрығанда, дүкенде керегiн қазақша сұрасыншы. Дүкен иесi тiлге жанашырлықтан емес, тауары өту үшiн қазақша сөйлейтiн адамды сатушы етiп қояды. Сонда сен тiлiңе деген қажеттiлiк тудырудан бiр қазақтың жұмыс табуына себеп болдың.
Бекболат Тілеухан ©
0 пользователей, 1 гостей, 0 анонимных