Қазақ тілі –
қазақ халқының ана тілі.Ол – халық тарихымен бірге жасап,ұрпақтан-ұрпаққа
қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік
мәртебе (статус) алды.Ол енді толық мағынасында республикада білім,ғылымды,техниканы
үйрену тілі,мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады.Түркі
тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ,өзбек,
ұйғыр,түркімен,әзірбайжан,түрік,татар,башқұрт,тува, хакас, якут т.б. халық тілдері
кіреді.Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары – ноғай (Кавказда),
қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да
елдерде (Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түрікменстан, т.б.), шетелдерде (Монғолия,Қытай,Ауғанстан,Иран,Түркия
т.б.) тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазір қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі.
переведите, спасибо.